Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Маңғыстау облыстық жұқпалы ауруханасы» МКҚК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а Аурухана қалашығы

Телефон: 8 /7292/ 210-340

Қазақстан Республикасының кодексі

01.06.2017

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1.  Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейі жӛнінде қорытынды жасау үшін медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік кӛрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы. 2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бӛлінеді. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда  3. Ішкі сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы кӛрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай бекітеді. Пациентке қолдау кӛрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық кӛмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық кӛмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді. Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының тӛмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Медициналық кӛрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомствосы өзінің ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама қызметін құрады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы бекітеді. 4. Медициналық қызметтер кӛрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және (немесе) тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Медициналық кӛрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасының кодексі

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1.  Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа: 1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, ӛзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне; 2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық кӛмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық кӛмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына; 4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау кӛрсетілуге; 5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне; 6) ӛзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум ӛткізілуіне; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де құқықтары болады. 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Кӛру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі ескеріле отырып, пациенттің ӛз құқықтары мен міндеттері туралы, кӛрсетілетін қызметтер, кӛрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың кӛрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке ӛзіне медициналық қызметтер кӛрсететін адамдардың аты-жӛні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс. 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады. 4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар. 5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі. 6. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады. 7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай- ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар. 8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар. 10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп- қаралуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының кодексі

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

92-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа: 1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға; 2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге; 3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға; 4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық кӛмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға; 5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, ӛз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге; 6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті. 2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата- анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады. 

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.