Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Маңғыстау облыстық жұқпалы ауруханасы» МКҚК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а Аурухана қалашығы

Телефон: 8 /7292/ 210-340

Құрметті ата-аналар!

01.06.2017

Антибиотиктерді тағайындар алдында аллергиялық реакцияларының бар-жоғын анықтау үшін балаларға сынама жасауға бола ма, болмай ма деген сұрақтар жиі туындайды.

Әдеби мәліметтерге сүйенетін болсақ, "...дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакция туындауының алдын алудың ең тиімді жолы – анамнез жинау», яғни жағымсыз реакциялардың тарихын білу. Антибиотиктерге шынайы аллергияның туу мүмкіндігін анықтау үшін осы клиникалық-анамнестикалық деректер негізгі критерий болып келеді.

Түрлі зерттеулердің көрсетуінше, антибиотиктерге аллергиялық реакциялары бар деп мəлімдеген пациенттердің шағын үлесі ғана аса сезімталдықтың зардабын тартқан. Инфекцияның өзі-ақ есекжем мен Квинкені немесе басқа да аллергиялық реакцияларды ушықтыратын факторға жатады.

Медициналық тұрғыдан алып қарағанда барлық (немесе көптеген) препараттарға аллергиялық реакциялардың болу-болмауын анықтау үшін сынама жасаудың маңызы жоқ. Себебі теріге жасалған сынаманың теріс көрсеткіші енгізу тәсілдерінің өзге түрінде реакция болмайтынына кепіл бола алмайды. Теріге аллергиялық сынама жасаудың салдарынан олардың ішінен ең болмаса біреуі ауыр аллергиялық реакция беретін жағдай да болуы мүмкін.

Сынаманың оң нәтижесі дәл  сол аллергеннің осы аурудың туындауына себеп екендігіне дәлел бола алмайды. Теріге аллергиялық сынама жасау үшін қолданылмаған өзге аллерген себеп болуы мүмкін. Мұны сенсибилизация дейміз, яғни табиғи сезімталдықтың жоғарылауы, сезімталдықтың артуы. Сондықтан да дені сау адамдарда сенсибилизацияның тиісті аллергиялық реакцияға айналу белгілері жоқ белгілі бір аллергендерге сенсибилизациясы бар екендігін анықтауға болады. Теріде аллергиялық реакция берген аллергенді анамнез деректерімен сынама нәтижелері сәйкес келгенде ғана  аурудың себебі деп тануға болады.

Қажет болған жағдайларда теріге аллергиялық сынақ жүргізудің маңызды екендігіне күмән жоқ, алайда бүгінгі таңда оларды пайдалану және өткізу туралы нақты ұсыныстар мен нормативтік актілер жоқ.

Сынақ жүргізудің бірнеше түрі бар. Тестілеу түрі (жедел немесе бәсең түр) реакция сипатына байланысты. Өмірлік маңызы бар дәрілік заттар үшін ғана тек қатаң көрсеткіштері бойынша провокациялық сынамалар жүргізіледі. Теріге аллергиялық сынақ анафилактикалық реакция пайда болған жағдайда жедел жәрдем көрсету үшін қажетті түрде жабдықталған емшара кабинетінде жасалуы тиіс. Сынама жасалғаннан кейін 20 минут бойы науқасқа бақылау жүргізіледі. Нәтижесі теріс болған кезде және жалған оң немесе жалған теріс реакция туралы күмән сейілгеннен кейін препаратты қауіпсіз түрде енгізу мәселесі шешіледі. Егер де науқастың анамнезінде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз немесе аллергияның өзге де висцеральды белгілері болса, онда денсаулыққа жоғарыда аталған ақауларды тудырып, "кінәлы" деп танылған препаратқа сынама жүргізілмейді, бірақ басқа да препараттарға жасауға рұқсат етіледі.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында осал топқа, оның ішінде күрделі аллергофоны бар балаларға ем жүргізудің хаттамалары мен стандарттары әзірленбеген. Антибиотиктердің түрлі топтарының аннотацияларын оқу барысында да осал топтағы науқастарға антибиотик енгізу кезінде қандай да болмасын сынама жүргізу туралы айтылмаған. Әр медициналық ұйым сынама жүргізуге қатысты дербес шешім қабылдайды.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.