Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Маңғыстау облыстық жұқпалы ауруханасы» МКҚК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а Аурухана қалашығы

Телефон: 8 /7292/ 210-340

Бала құқығы және ата-ананың міндеттері

01.06.2017

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193- IV кодексі 

89-бап. Бала құқығы

1.  Әр бала:
1) денсаулық сақтау жүйесінің заманауи әрі тиімді қызметі мен ауруды емдеу құралдарын пайдалануға және денсаулығын қалыпқа келтіруге;
2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық тексеруден өтуге, динамикалық бақылауда болуға, емделуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге және  сауығуға құқылы;
2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) үш жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар жасы одан үлкен, бірақ  дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін дерті ауыр балаларға анасына (әкесіне) немесе балаға күтім көрсетуші басқа тұлғаға медициналық ұйымда баламен бірге болуына мүмкіндік беріледі және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы рәсімделеді;
2) бір жасқа толмаған баласын емізетін аналар медициналық ұйымдарда болған кезеңінде ақысыз тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Стационарлық және қалыптастырушы ем қабылдау кезеңінде мектеп жасындағы балалар стационар, санаторий, оңалту орталықтарында үздіксіз білім алуға құқылы.
Балалардың стационарлық бөлімшелерінде және балалардың мамандандырылған стационарлық медициналық ұйымдарында емделуші балалардың ойын ойнауына, демалуына және тәрбиелік жұмыстар жүргізуге жағдайлар жасалған.
4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты заңнамаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар, сонымен қатар АИТВ жұқтырғандар,  ЖИТС науқастар білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық коррекциялаушы қолдау алуға құқылы.
АИТВ жұқтырған балалар сәбилер үйінде, сонымен қатар жалпыға ортақ басқа да медициналық ұйымдарда және оқыту-тәрбие беру ұйымдарында болуға құқылы.
5. Балаларды сәби үйіне, білім беру ұйымдарына, жетім балаларға арналған, ата-анасынан айрылған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық тұрғыда қарсы көрсеткіштер тізбесі.

Баланың ата-анасының міндеттері

Мына баптардың негізінде:

– ҚР Конституциясының 27-бабының 1,2 тармақтары – «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында. Баланы күту және тәрбилеу – ата-ананың табиғи құқығы мен  міндеті»;
– «Неке және отбасы туралы» № 62 ҚР заңының 1-бабы – «Ата-ана бала-шағасының денсаулығын қамқорлыққа алуға міндетті»; 
– «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» ҚР заңының 8-бабының 1-тармағы – «Әр бала өз денсаулығының қорғалуына құқылы»;
– «Баланың өмір қауіпсіздігін және денсаулығын қамтамасыз ету бойынша» ҚР Қылмыс кодексінің 138-бабы;
– «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамау» туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 137-бабы

Қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылатындығыңыз туралы ескертеміз.

Балаңыз ауырған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгінбеудің, балаңыздың күтіміне қатысты дәрігер ұсынымы мен тағайындауын орындамаудың, оны тиімді тамақтандырмаудың, стационардан өз бетімен кетудің салдарынан бала денсаулығының нашарлауы, тіпті  оның ажал құшуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.