Ауруханаға әкелуге тыйым салынатын тағамдар
Ауруханаға әкелуге тыйым салынатын тағамдар
1. Қара бидайдан немесе жаңа піскен нан, май мен қантқа, сүтке иленген қамырдан жасалған нан түрлері, құймақ түрлері.
2. Ашыған сүт тағамдары (Йогурт, Био-С, Ряженка, Растишка, Активиа, айран).
3. Сүттен жасалған тағамдар (шикі сүт, кілегей, ірімшіқ, қаймақ, сыр).
4. Сиырдың, шошқаның, қойдың, қүстың майлы еті.
5. Шұжықтар, шұжық тағамдары.
6. Сүрленген және қуырылған тағамдар мен азық-түліктер.
8. Шикі, қуырылған және суға пісірілген жұмыртқа.
9. Консервілер.
10.Салаттар, жеміс-жидектер, көкөністер.
11.Майлы еттен, сүттен, бұршақтан жасалған сорпалар.
12.Ақталған тарыдан, арпа жармасынан, бұршақтан жасалған ботқа.
13.Пирогтар, бәліштер, ірімшік, тартылған ет салынған құймақтар, тәтті май қосылған кондитерлік тағамдар, макароннан жасалған пісірме.
14.Қаудырлақтар (чипсы), құрамында экстрактивті қоспалары бар кептірілген нандар (сухарики).
15.Шырындар,газдалған тәтті сусындар, кофе, какао, квас.
Науқастарға берілетін сәлем-салқаттар науқастың аты-жөні, жіберілген күні көрсетіліп, полиэтиленді пакеттерде оралып берілуі керек және берілетін тағам мөлшері 1 литрден аспауы керек ( баланы күту бойынша жатқан аналар). Науқастарға берілетін сәлем-салқаттар, тек қана емдуші дәрігер тағайындаған емдік диетаға сәйкес, рұқсат етілген ассортимент және тағам мөлшері қабылданады.
Негіздеме:
1. ҚР ДСМ-нің 2002.04.08-інен «Емдеу-алдын алу ұйымдарында емдік тағамдарды ұйымдастыру туралы» №343 бұйрығы.